$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Schlumberger» мұнай сервистік компаниясы 11 мың жұмыс орнын қысқартпақ

AstanaTV
17.04.2015ж. 13:00
«Schlumberger» мұнай сервистік компаниясы 11 мың жұмыс орнын қысқартпақ

«Schlumberger» мұнай сервистік компаниясы 11 мың жұмыс орнын қысқартпақ. Бұл туралы компания басшысы Пал Кибсгард мәлімдемеді. Әлемдегі алпауыт мұнай сервистік компания, кірістің азаюына және де энерготасымалдаушылар бағаны төмендетуіне байланысты осындай қадамға барды - деп, ресейлік РБК жазды.

Атап айтсақ, кәсіпорынның биылғы жылғы кірісі өткен жылдың 6 айлық кезеңімен салыстырғанда 38 пайызға төмендеген.  988 миллион долларды құрады. Қазіргі таңда «Schlumberger» компаниясында әлем және оның ішінде Қазақстан бойынша 115 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Мұнай кәсіпорны Қазақстандағы қызметін 1990 жылдың басында бастаған. Бүгінде оның кеңселері Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Ақтөбе қалаларында орналастырылған.

Айта кетейік, «Schlumberger» мұнай сервистік компаниясы әлемдегі мұнай және газ саласында кең ауқымды қызмет көрсетіп отырған алпауыт кәсіпорын.

Жұрағат БАМАН