$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Ақтөбедегі «Даңқ» кешенді ескерткішінде күрделі жаңғырту жұмыстары жүруде

AstanaTV
09.04.2015ж. 20:00
Ақтөбедегі «Даңқ» кешенді ескерткішінде күрделі жаңғырту жұмыстары жүруде

Ақтөбедегі «Даңқ» кешенді ескерткішінде күрделі жөндеу жұмыстары қыза түскен. Шенеуніктер осыдан 45 жыл бұрын орнатылған мәңгілік алаудың келбетін өзгертетін уақыт келді деп шешіпті.

Бұған дейінгі 17 метрлік жауынгер мүсіні мен қаһарман қалалар тізімі өз орнында қалмақ. Тек алаудың алаңы кеңіп, қосымша жалау бейнесі орнатылады. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 94 млн теңге бөлінген. Жұмыстар ақпан айында басталды. Жеңістің 70 жылдығы мерейтойына дейін аяқталуы тиіс.

Хасен Юсупов, Ақтөбе қалалық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

Біздің Ақтөбенің ауа райының қолайсыздығына байланысты құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында біз осы құрылыс объектілерін сыртынан уақытша жабындысын істеп, каркастар қойып, соның ішіне жағдай туғызып, жұмыстарды тоқтаусыз істеп жатырмыз. 

Мансұр ЕСҚОЖИН