$542.03 €627.29 ₽6.66
×

ШҚО 45 елді-мекен су астында қалуы мүмкін

AstanaTV
10.04.2015ж. 10:00
1121
ШҚО 45 елді-мекен су астында қалуы мүмкін

Ал Шығыс Қазақстан облысында 45 елді-мекенге су астында қалу қаупі төніп тұр. Бүгін осы ауылдарға арнайы техника жіберілмек. Ал қауіпті аймақта жатқан алты ауылдың коммуналдық қызметі күшейтілген тәртіпте жұмысқа көшті. Алдағы демалыс күндері ауа температурасы + 25 градусқа дейін көтеріліп, күн күрт жылынады деп күтілуде. Сондықтан құтқарушылар техниканы даярлап, арнайы топтарды жасақтауда. Шалғайдағы ауылдарда топан судан зардап шекендер қазірдің өзінде бар.

Александр Ломыгин, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Аягөз ауданындағы Қапа ауылын су басты. 18 үй су құрсауында қалды.Еріген қар суын басқа жаққа бұрып, жағдайды тұрақтандырып жатырмыз. Оқиғаның себебін анықтау үшін ауданға арнайы комиссия шықты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ