Банк алдындағы несие қарызын қайтара алмай отырған жеке тұлғаларды банкрот деп жариялау туралы заң қабылдануы мүмкін. Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің «Банкроттық және оңалту заңнамаларына енгізілген жаңалықтар» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында осы тақырып әңгімеге арқау болды. Бүгінде министрлік пен екінші деңгейлі банктер арасында арнайы жеке тұлғалдардың банкроттығы бойынша келіссөз жүріп жатыр. Келіссөз дүниежүзілік банктің «DoingBusiness» халықаралық рейтінгіндегі Қазақстанның төлем қабілетсіздігін шешу жолында өтелмеген несиелерді өшіру келісімін жасауды қарастырады.
Айгүл
Уалиева, ҚР Қаржы министрлігі кірістер комитетінің басқарма басшысы:
Екінші
деңгейлі банктердің өтелмеген несиелерді сызып тастауға әзірлігін талқылап
жатырмыз. Қазір салық бойынша кейбір түсініспеушіліктер туындады. Бірақ жұмыс
жалғасуда. Шілдеде болашақ жобаның концепциясы әзір болады деп ойлаймын.
Мемлекеттік органдар, екінші деңгейлі банктер және Дүниежүзілік банк
сарапшылары бір келісімге келіп жатса, мәселе бойынша оң шешім қабылданады деп
үміттенеміз.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ