Ақтауда
26 адам алаяқтарға алданып қалды. Ұйымдасқан топ тұрғындарға «Қазақ
хандығының мерейтойы қарсаңында жеңілдікпен үй алуға көмектесетіндерін»
айтып, сан соқтырған. «Алданғандар саны әлі көбеюі
мүмкін», - дейді
құзырлы орган өкілдері.
Қала прокурорының сөзінше, 2 әйел мен 1 ер адам
тұрғындардың аңқаулығын пайдаланып, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, «Қолжетімді
баспана»
бағдарламасы бойынша жеңілдікпен үй алуға болатынын айтып, сендірген. Әрі бұл
үйлер бюджет қаражатына салынған баспаналар емес, элиталы тұрғын үй
кешендерінен берілетінін айтыпты. Алдап-арбап 94 млн теңгені қалтаға басқандар
алаяқтық үшін бұрын да көзге түскен екен. Ақтау қалалық прокуратурасы осы іске
қатысты қылмыстық іс қозғалып, үш күдікті де қамауға алынғанын хабарлады.
Талғат
Әлібаев, Ақтау қаласының прокуроры:
Алаяқтар
өз құрбандарына тұрғын үй комиссиясының хаттамасын көрсетіп, сендірген. Енді осы құжаттардағы
жазу кімдікі екенін анықтау үшін, сараптама
жасалады. Тергеу алды жұмыстарының қалай өрбитіні содан кейін белгілі
болмақ.
Еркін КАРИН