Ақтаудағы
көрме залы тропиктік мекенге айналды. Бұл жерде Ресейден әкелінген экзотикалық
құстар ұшып жүр. Араның түр-түрі, тотықұстар, тіпті кішкене амадиндер де
бар. Қанаттының 22 түрін кездестіруге болады. Бірақ құстар саны одан да көп.
Қосарланып, әр торда бірнешеуден қонақтаған.
Көшпелі көрме Ақтауға ыңғайлы
автобустармен жеткізіліпті. Жергілікті тұрғындардың назарына ұсынылған ең
кішкентай құс 5 сантиметрлік, зебралық амадин. Ал, ең ірісі жасыл қанатты ара.
Салмағы 3 келіден асатын денелі құстың ұзындығы бір жарым метрге жетеді.
Тропиктік қанаттылардың арасында адамзат тілінде сөйлейтіндері де бар. Сөзшеңі
- сұр жако. Мың жарым сөзге дейін жаттап, Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Ал, көгілдір-сарысы болса, фотоға түскенді ұнатады. Ақ какадудың мінезі тіптен
ауыр көрінеді.
Андрей
Селютин, көрме залының әкімшісі:
Бұл құс өте кекшіл. Бірде кішкентай бүлдіршін қолынан құлатып алған. Содан
кейін балаларға жоламайды. Қыздарды да ұнатпайды. Бірде көшіп жүргенімізде оны
жападан жалғыз торға отырғызып қойған. Содан кейін әйел адамдарға күдікпен
қарайды.
Мансұр ЕСҚОЖИН