$511.59 €575.28 ₽6.33
×

Грекияны дефолт күтіп тұр

AstanaTV
14.04.2015ж. 13:00
1355
Грекияны дефолт күтіп тұр

Халықаралық қаржыландыру ұйымдарымен мәмлеге келмесе Грекия дефолт жариялауы мүмкін. Бұл жөнінде The Financial Times жазады. Басылымда дефолт Афинадағы банктердің жабылуы мен экономикалық жағдайды одан бетер ушықтырады делінген. Мұндай жағдайда Еуропа орталық банкінен де қайыр болмайды. FT Грекиядағы дефолт Еуропалық одақ үшін де соққы болатынын жазады. Сондықтан қаржы ұйымдары талаптарын жұмсарту жөнінде алдын ала мәмлеге келген жөн дейді.  Ал The Times басылымы Грекия алдағы көктемде Еуроодақтан шығуы мүмкін деген ақпарат  таратты.

Еске салайық, Грекия Еуроодақтың қаржыны кешіктіруінен қиын жағдайға тап болды. Тараптар елге көмектесу бағдарламасына байланысты тіл табыспай қалды. Афина Брюссель талаптарын орындауға дайын емес. Несие ұйымдары алдындағы Грекия қарызы 320 миллиард еуро.

Мөлдір ДЮСЕКИНА