Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түрік лирасының АҚШ долларына шаққандағы бағасы рекордтық деңгейге дейін түсіп кетті

AstanaTV
14.04.2015ж. 13:00
1602
Түрік лирасының  АҚШ долларына шаққандағы бағасы  рекордтық деңгейге дейін түсіп кетті

Түрік лирасының құны күрт құлдырады. Оның АҚШ долларына шаққандағы бағасы бүгінгі саудада рекордтық деңгейге дейін түсіп кеткен. Инвесторлар алдағы маусымда Түркияда өтетін сайлау алдында пайыздық өсімдер жоғарылай ма деп қауіптенеді. Ал мұндай қауіп оларды тығырыққа тіреп, өз бетінше дайындық жасап жатқан болуы да ықтимал деген болжамдар айтылуда.

Интерфакстің хабарлауынша , 2015 жылдың басынан бері Түрік лирасының долларға шаққандағы құны  12% дейін төмендеді. Ал елде 25 -ші шақырылымдағы  парламент сайлауы 7 маусымға белгіленген. Түркияның Орталық банкі 2,2 млрд. доллар қаржының сыртқа кеткенін хабарлады. Есесіне, өзге елдерден 4.3 млрд доллар көлемінде қаржы Түрік экономикасын дамытуға құйылған.

Осылайша, ағымдағы шоттарда қаржы жетіспеушілігі өткен жылмен салыстырғанда 4.2 пайызға қысқарып,  3,2 млрд долларды құрады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА