$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Отандық өнімнің көкжиегі кеңейеді

AstanaTV
14.04.2015ж. 20:00
1376
Отандық өнімнің көкжиегі кеңейеді

Тобыл өңірінің кәсіпкерлері ұлттық кәсіпкерлер палатасынан жәрдем сұрады. Бүгін Қостанайда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті. Бұған дейін еліміздің 12 өңірінде өткен кеңестерде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, индустрияландыру картасын дамыту және кәсіпкерлікті ілгерілету туралы мәселелер талқыға түсті.

Бүгінгі жиналысқа келген ірі кәсіпорын басшылары мен іргелі ұжым өкілдері де өзекті мәселелерді көтеріп, ұлттық палата тарапынан қолдауға зәру екендерін айтты. Мәселен, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер субсидиялау механизмін жетілдіруді немесе жергілікті биліктің құзіретіне беруді ұсынды. Сонымен қатар Салық кодексіне енгізілген өзгерістер қостанайлық шаруалардың қолын байлап отырғанын айтты. 

Сайран Бұқанов, «Қарқын» ЖШС директоры:

Жыл сайын әр гектарға берілетін субсидия көлемі өзгеріп отырады. Тұрақтылық жоқ, тым болмаса 5 жылға дейін тұрақты болса ғой. Сонда біз ертерек есебін табар едік.

Рахым Ошақбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

Үстіміздегі жылы «Агробизнес» бағдарламасы толыққанды қаржыландырылған жоқ. Шамаман 40 пайызы қалып отыр. Негізінде кез-келген облысты алып қарасаңыз да, субсидиялаудың қай түрі болмасын, нақты көлемі анықталмаған. Өкінішке қарай, бұл біздің жоспарлау барысында жіберіп алған жүйелік қатеміз. Егер біз «Агробизнес-2020» бағдарламасын орындай алмасақ, онда өзгертулер енгізіп, шектеулі ресурстарға сәйкес шешім қабылдайық. 

Заңғар САНАЙ