Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өңірлерде «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сынына іріктеу жарыстары басталды

AstanaTV
14.04.2015ж. 20:00
1521
Өңірлерде «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сынына іріктеу жарыстары басталды

Өңірлерде «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сынына іріктеу жарыстары басталды. Бұл ақпаратты бүгін қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты. Іріктеу жарысына жасы 18-ге толған салмағы 80 келіге жететін кез-келген азамат қатыса алады. Жүзден жүйрік шыққан 32 палуан 5 шілдеде Астанада өтетін финалда бас жүлдені сарапқа салады. 


Қатарынан 5-ші жыл өткелі отырған дүбірлі дода елімізде қазақ күресінің кең көлемде дамуына ықпалдасты. «Жыл сайын облыстар мен аудандық жерлерде спорт нысандары ашылып, күреспен шұғылданатындардың қатары көбейді. Бұл жоба әсіресе, ауыл жастарын шабыттандырады», - деді жоба жетекшісі.

Арман Шораев, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті:

Осы жобаның арқасында халық қаһарманына сөзі өтетін бүкіл елге танымал азаматтарға айналды. Мен ойлаймын. Осы жігіттерге қарап, ауылда жүрген біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз "Мен де осындай деңгейге жеткім келеді!" деп, күреспен болсын, тағы басқа спорт түрі болсын, айналысуға ұмтылады. 

Самат ҚАНАҒАТОВ