Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Астанада бір топ дәрігер тамақтан уланып қалды

AstanaTV
15.04.2015ж. 10:00
1114
Астанада бір топ дәрігер тамақтан уланып қалды

Астанадағы нөмірі екінші балалар аруханасының 30 шақты дәрігері тамақтан уланып ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша науқастар сальмонольезге шалдыққан. Бір дәрігердің диагнозы осыны растады. Ішек таяқшаларын ақ халаттылар ауруханадағы асханадан жұқтырса керек. Асхана бүгінде тексеріске жабылды.

Марал Рахымжанова, ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті санитарлық-гигиеналық басқармасы басшысы:

Бір адамнан сальмонольез таяқшасы шықты. Бірақ бүгінгі күні тамақ дайындаған адамдар арасында медициналық қызметкердер арасынан анализдер алынды. Дайын болғанда нәтижесін айтуға болады. Алдын ала айтатын болсақ, негізінде персонал арасында ауру адам болуы мүмкін. Екінші версия - тамақ дұрыс дайындалмаған, технологиясы сақталмаған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ