$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қызылордада қалалық мәслихат депутаттығына алғашқы үміткерлер тіркелді

AstanaTV
08.02.2016ж. 20:00
2245
Қызылордада қалалық мәслихат депутаттығына алғашқы үміткерлер тіркелді

Қызылордада қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер ресми тіркеуден өтті. Мұратбек Нұржанов пен Талғат Құлмағанбетов - екеуі де өзін-өзі ұсынған жергілікті азаматтар. Біреуі «Ақиқат нұры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, екіншісі - кәсіпкер. Мұратбек Нұржановтың мамандығы тарихшы, 8 жылдай имам болған. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында қоғамдағы тұрақтылық, төзімділік пен рухани келісімге басымдық берген. Бүгін ол нөмірі 14-ші сайлау учаскесіне кандидат ретінде тіркелді. Екіншісі - жергілікті кәсіпкер Талғат Құлмағанбетов -тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетуді көздейді. 

Мұратбек Нұржанов, Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат:

Рухани бірлікке көп зейін қою керек сияқты болады мемлекетте, билік органдарында. Өйткені қазіргі уақытта осы тәуелсіздікті алғаннан бастап елімізде, мемлекетімізде діни ағымдар, секталар өте белең алып кетті. Ұсынысым: осы қоғамдық тұрақтылыққа діни секталарының, ағымдардың, топтардың барлығы да кері әсерін тигізетіні анық болып есептеледі. Осыған көп жұмыс жасау керек сияқты маған.

Талғат Құлмағанбетов, Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат:

Тұрмыстық жағдайы, күнкөріс деңгейі төмен аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбастарына, жетім балалар, мүгедектерге материалдық жағдайдан қолдау көрсету. Онымен қатар осы топқа жататын мектеп бітіруші түлектерге жоғары оқу орындарынан білім алуға грант негізінде мүмкіндік жасау. ПИК қызметінің тұрғындар талабынан шығуына, олардың уақыт талабына сай жұмыс жасауына қолдау көрсету.

Облыстық сайлау комиссиясының дерегінше, аймақ бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 133 кандидат тіркелді. Оның 79 пайызы ер азаматтар болса, 21 пайызы - әйелдер. Бүгінгі күні сайлаушылар саны облыс бойынша 405 мың 736 адам болып тұр. Аймақта 350 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады.

Шарипа САҚТАПОВА