Сайлауды бақылайтын республикалық қоғамдық комиссияның Алматыда бөлімшесі ашылып, жұмысын бастады. Қонаев атындағы Еуразиялық
заң университеті жанынан арнайы штаб құрылған. Онда сайлаушыларға кеңес беретін
мамандар бар. Бұл туралы
қоғамдық комиссия өкілдері мәлімдеді.
Ұйымның мақсаты - сайлауға қатысты
кез-келген заңнамалық сұрақтарға жауап беру. Сайлау туралы заң, конституциялық
құқық, сайлаудың тәртіптері туралы тегін кеңестер берілетін болады. Ал саяси
дода өтетін күні сайлау учаскелерімен тікелей байланысып, кез-келген сұрақты
заң аясында шешуге ықпал етпек. Сондай-ақ комиссия мүшелері халықаралық
бақылаушылармен кездесіп, БАҚ өкілдеріне тиісті ақпараттарды жеткізіп отырады.
Айта кетейік, Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия 5
ақпанда құрылған. Оны белгілі саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов басқарады. Комиссия
құрамында қарапайым еріктілерден бөлек, елге танымал тұлғалар да бар.
Өмірәлі Қопабаев, Сайлауды
бақылау жөніндегі қоғамдық комиссияның Алматы қалалық филиалы төрағасы:
Конституцияда жазылып тұр. Билік - халықтың
қолында. Сонда халық билікті жасақатау үшін қандай рөл атқарады?! Сенің дауысыңмен ертең парламентке жақсы
депутат барсын. Сенің ертең мүддеңді қорғасын. Қаңғыбас болып жүргеннің орнына
жұмыспен қамтамасыз ету үшін жағдай тусын, дегенді айту үшін осындай ұйым құрып
отырмыз.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ