Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

АҚШ Кубаны терроризмді қаржыландырушы елдер тізімінен шығарады

AstanaTV
15.04.2015ж. 13:00
1165
АҚШ Кубаны терроризмді қаржыландырушы елдер тізімінен шығарады

Куба Сыртқы істер министрлігі Құрама штаттар президентінің шешімі әділ деп санайды. Барак Обама Кубаны терроризмді қаржыландырушы елдер тізімінен шығару керек деп ұйғарған-ды. Тиісті құжат АҚШ Конгресіне мақұлдауға жіберілді. Терроризмді қаржыландырушы елдер тізіміне Куба 1982 жылы енген. Обаманың соңғы шешіміне орай мәлімдеме жасаған Куба Сыртқы саясат мекемесінің Құрама штаттармен қарым-қатынас департаментінің басшысы Жозефина Видаль Куба үкіметі бұл шешімді толықтай қолдайтынын айтты.

«Ел бұл тізімге кірмеуі тиіс-тін», - деді Видаль. «Кубаның өзі де лаңкестік әрекеттерден жапа шекті. Ел 3,5 миллион адамнан айырылды»,  - деп қосты. Еске салайық, 2014 жылдың желтоқсанында Барак Обама мен Куба лидері Рауль Кастро екі тарап арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас араға 50 жыл салып қайта жанданатынын мәлімдеген еді. Кубаның «қара тізімнен» шығуы ықпалдастықтың бір талабы болатын.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА