$446.65 €477.65 ₽5.49
×

Иранның мұнай министрі: «ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндіру көлемін қысқартуы керек»,- деді

AstanaTV
15.04.2015ж. 13:00
1647
Иранның мұнай министрі: «ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндіру көлемін қысқартуы керек»,- деді

«ОПЕК ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін 5% -ға немесе шамамен 1,5 миллион баррелге қысқартуы керек». Иранның Мұнай министрі Биджан Намдар Зангане осыны мәлімдеді,-деп хабарлайды Reuters. Өткен жылдың қарашасында ОПЕК елдері мұнай құнының төмендеп бара жатқанына қарамастан, оның мөлшерін бұрынғыдай 30 миллион баррель күйінде қалдыруды шешкен. Бұл - мұнай котировкасын одан сайын құлдыратты. Осыдан аз уақыт бұрын Зангане «ОПЕК ұйымы өзіне қарасты мемлекеттердегі мұнай өндіру мен оны тасымалдау ісін үйлестіре алады», -  дегенді де айтқан еді.

Ал, әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы ел Сауд Арабиясы жуырда ғана мұнай өндіру көлемін қысқартпайтынын мәлімдеген. Бұл елдегі өндіріс көлемі рекордтық деңгейге, яғни, тәулігіне 10,3 миллион баррелге жетіп отыр.

Айта кетейік, өткен жылдың жазынан бері әлемдегі мұнай құны 110 доллардан 59 долларға дейін құлдырады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА