Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге еліміздің түкпір-
түкпірінде жылу жинау басталды. Алғашқылардың бірі болып, ақтөбелік еріктілер
тұрғындарды Орталық Қазақстандағы жұртқа қол-ұшын беруге үндеді. Ғаламтор
арқылы хабар да расымен, еріктілер санаулы сағатта бірнеше дорба жинап үлгерді.
Көмектің алғашқы легін тез арада Қарағандыға жөнелту жоспарланып отыр.
Қайырымдылық шарасынан Астана тұрғындары да шет қалмады. Елордалықтар
киім-кешек, азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар тиелген бір жүк көлігін
Қарағандыға аттандырып та үлгерді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бір-екі сағат
ішінде жүздеген адам жиналған. Қарағанды облысына тағы бірнеше көлік жөнелту
көзделіп отыр. Еріктілердің бірі тасқын болған ауылдарға аттанып, әлеуметтік
көмекті үлестіруді қадағаламақ.
Кеше «Instagram»-да көрген бетте қатты қорқып кеттік. Содан бүгін келіп,
мүмкіндігімізше көмегімізді көрсетіп кетейік деп жатырмыз. Қиын жағдай ғой бұл енді. Тілсіз жау дейді ғой от пен су келіп қалған.
Адамдардың басына. Берік болсын деп айтамын енді. Осы қиын жағдайдан шығып
кетсін.
Әрине өте жаман сезімде боламыз. Өйткені өзім Қарағанды облысынан боламын.
Өзім Қарағанды облысында барлық туыстарым сол жақтікі. Сондықтан жерлестеріме
көмек ретінде көрсеткім келді.
Мансұр ЕСХОЖИН