Хабарымыздың соңында тағы бір ақпар. Өзбекстанда жасы жүзден асқан
қариялардың зейнетақысы өсетін болды. Ел президенті Ислам Каримов тиісті
бұйрыққа қол қойды.
Мамыр айынан бастап көрші елдегі ұзақ жасаушы тұрғындардың зейнетақысына ең
төменгі айлық жалақы көлемінде үстеме қосылады. Ол 118,4 мың сум. Біздің ақшаға
шаққанда шамамен 8,500 теңге. Өзбекстандағы ең төменгі зейнетақы 231 мың сумды
құрайды. Ай сайын төленетін үстемақы бюджет қаражатынан тыс, Қаржы
министрлігіне қарасты Зейнетақы қорынан бөлінбек.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Өзбекстанда жасы
жүзден асқан 8 мың 700-дей қарт тұрғын бар.
Мөлдір ДЮСЕКИНА