$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ТЖ жөніндегі комитеті: Тасқын ахуалы 10 күн ішінде тұрақталады

AstanaTV
16.04.2015ж. 20:00
ТЖ жөніндегі комитеті: Тасқын ахуалы 10 күн ішінде тұрақталады

«Қазақстанда тасқын салдарынан қалыптасқан күрделі ахуал 7-10 күнде тұрақталады».

Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты басқарма басшысы Алексей Советов мәлiмдеді. «7-10 күн төңiрегiнде су деңгейi  азайып, қалыптасқан қиын жағдай сейiледi», - дедi ол. «Тұрғын үйлер мен шаруашылықтарға келген зардап мөлшерін анықтау бойынша комиссия құрылды. Бүгiнде олар жалпы шығынды есептеуде», - дедi басқарма басшысы.  

Базаргүл ОТЫНШИЕВА