$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбыл облысында Қырғызстан азаматтары опат болған жол апатына қатысты тергеу амалдары басталды

AstanaTV
20.04.2015ж. 13:00
1257
Жамбыл облысында Қырғызстан азаматтары опат болған жол апатына қатысты тергеу амалдары басталды

Жамбыл облысында, Қырғызстан азаматтары опат болған жол апатына байланысты тергеу амалдары басталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ал жол апатынан қаза болғандардың саны 16 адамға жетті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мойынқұм ауданы аумағында Газель көлігі мен шағын автобус соқтығысқан болатын. Оқыс оқиға Алматы-Екатеринбург тас жолында орын алды. Бішкектен шығып, Солтүстік Қазақстан облысын бетке алған шағын автобуста 18 жолаушы болған. Олар түгелдей Қырғызстан азаматтары болуы мүмкін,- деген дерек бар.  Апат құрбандары негізінен шағын автобус жолаушылары, сондай-ақ, Газель жүргізушісі де көз жұмған.  7 қырғызстандықтың денесі танылды. Өзге жолаушылар жақын маңдағы ауруханаға түрлі жарақатпен жеткізілген.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы IIД баспасөз хатшысы:

Оқиға байланысты ҚР ҚК 345 бабы, 4-ші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол көлік оқиғасы орнына шұғыл түрде Жамбыл облысы, ІІД басшысы құрамы бастаған жедел тергеу тобы барды. Анықталғандай, барлық жәбірленушілер Қырғызстан Республикасының тұрғындары. Қазіргі уақытта Анықтау басқармасының қызметкерлерімен жол-көлік оқиғасының себебін анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ