Ақмола
облысы Целиноград ауданынының 11 елді мекенінде селге қарсы жұмыстар жүріп
жатыр. Аудан әкімдігінің ақпараты бойынша қауіп аумағындағы ауылдардан 523 адам
эвакуацияланды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша,
қазір су беті қайтқан.
Алайда, Астанадан 30 шықырым жерде орналасқан Жаңажол
ауылының тұрғындары ахуалдың әлі де қиын екендігін айтады. 80 шақты үйлі ауыл
мен аудан орталығы арасында көлік қатынасы да үзілген. Ауылда қалғандар үй
арасында қайықпен қатынауға мәжбүр. 12 үйді су шайып, 6 үйдің қабырғасы сөгілді.
Жергілікті халық малдарын әлі түгендеп үлгермеген, бірақ құстың барлығы қырылды, - дейді, бізбен тілдескен жергілікті тұрғындар.
Ерлан Садуов, елді мекен тұрғыны:
8 үй суда тұр
қазір. Арғы шеттерге барып көрген жоқпын, ол жақта да үйлер құлап жатыр дейді.
Мына үйлеріміз аварийный состояниеде, үйдің ішіне кіруге болмайды, үйдің ішінде
су тұр.
Бізбен телефон арқылы тілдескен
Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жылжымалы штабы маманы Ерлан
Молдаханов, қазір Жаңажол ауылынан 29
отбасы аудан орталығы Ақмол ауылына көшірілді, - деген ақпарат берді. Оның айтуынша,
су алдағы 2-3 күн ішінде толық тартылуы тиіс. Қазір ауылды басқан су тереңдігі
шамамен 30 сантиметр. Сел салдарынан қазір елді-мекен электр көзінен де
ажыратылған. Төтенше жағдайлар департаментінде су қайтқан соң электр жүйесі қалпына
келтіріледі, - деп мәлімдеді.
Сондай-ақ,
жергілікті әкімдікпен қираған үйлерді қалпына келтіру бойынша да келісім бар
екендігін айтты.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ