$542.03 €627.29 ₽6.66
×

Маттео Ренци Жерорта теңізіндегі миграция бойынша ЕО саммитін өткізуді ұсынды

AstanaTV
20.04.2015ж. 13:00
1357
Маттео Ренци Жерорта теңізіндегі миграция бойынша ЕО саммитін өткізуді ұсынды

Заңсыз миграциямен күресуге жалғыз Италияның күші жетпейді. Бұл туралы Италия премьер-министрі Маттео Ренци мәлімдеді. Ол Жерорта теңізіндегі кеме апатынан соң шұғыл түрде Еуропалық одақты миграция бойынша саммит өткізуге шақырды.

Рейтерстің хабарлауынша, теңізде 700 адам іс-түзсіз жоғалып кетті. Оларды іздеу шаралары  жалғасып жатыр. Бүгінде тек 30 адам құтқарылды. Бұл апаттан бірер күн бұрын 500 мигрант мінген тағы бір кеме су түбіне кеткен еді. Ол қайғылы жағдайдан 144 адам ғана құтқарылды. Сондықтан да Маттео Ренци Еуроодақтың саммитін өткізу керектігін айтуда. Өйткені Солтүстік Африканың кедей аймақтарының халқы Еуропаға жақсы өмір іздеп ағылып жатыр. Бірақ тозығы жеткен кемелер теңіз толқындарына төтеп бере алмай, мигранттарды Еуропаға жеткізе алмай отыр. Кемеге рұқсат етілген мөлшерден әлдеқайда көп адам отырғандықтан, осындай қайғылы оқиға орын алуда.

Маттео Ренци, Италия премьер-министрі:

Қанша адам қырылуда. Бүтін бір отбасылар суға кетіп жатыр. Заңсыз миграциямен күресуге жалғыз Италияның күші жетпейді. Бізге Халықаралық қоғамдастықтың қолдауы керек. Бұл кеменің апаты - біздің ел тарихындағы ең ірі апат болды. Жерорта теңізінде мұндай оқиғалар соңғы рет қай кезде орын алды? Біз XXI ғасырда емес, құлдық заманы үстемдік құрып тұрған орта ғасырда өмір сүретін сияқтымыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ