Қазақстанда
4 пайызбен автонесие беру басталды. Бұл іс «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында
жүзеге аспақ. Жеңілдетілген несиемен 5 мыңға жуық отандық көлік сатылады деген
болжам бар. Осы мақсатқа ұлттық қордан 15 миллиард теңге көлемінде қаржы
қаралып отыр. Сала мамандарының ойынша, мемлекеттік қолдау бағдарламасы
Қазақстандағы көлік өндірісінің көкжиегін кеңейтуге жаңа серпін береді.
Жеңілдетілген
несие арқылы автокөлік алғысы келетіндердің бірі - Қамбар Сыздықов.
Қостанайдағы бірнеше автосалонды аралап шыққан ол, көңілі қалаған көлікке төмен
пайыздық несиемен қол жеткізу үшін, банктердің біріне өтінім жазыпты.
Қамбар
Сыздықов:
Қазір
мүмкіндігім болып тұрғанда осы машинаны алғым келеді. Келешекте мұндай
мүмкіндіктер келе беретініне күмәнім бар. Енді біздің банктерге де байланысты
ғой. Егер осылай төмен 4 пайызбен бере берсе, біздің қазақстандықтарға көп
жақсылық болар еді.
Мемлекеттік
бағдарламаны жүзеге асыруға еліміздегі
екінші деңгейлі банктер ат салысады.
Өңірдегі бөлімшелер тұрғындардың
өтінімін қабылдауды бастап кетті. Бағдарлама бойынша көлік алғысы келетіндердің
саны күніне 20 адамға дейін жетеді. Әуелі қажетті құжаттарды түгенделіп,
клиенттің несиелік тарихы мен қарыз қайтару мүмкіншілігі тексеріледі. Екінші
деңгейлі банктер несиені беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, құжаттар
Қазақстан Даму банкіне мақұлдауға жіберілмек.
Қырмызы
Жаңбыршина, Қостанайдағы банк филиалының директоры:
Осы
бағдарлама бойынша халыққа берілетін
несиенің пайызы 4%. 4 пайыздан аспауы керек. Уақыты, мерзімі 3-5 жылға
дейін. Алғашқы төлемі 10-20 пайызға дейін.
Заңғар Санай, тілші:
Отандық автоөндірушілерді
мемлекттік қолдау бағдарламасы Қостанайда кеңінен насихаттала бастады. Қаладағы
автосалондардың бірі Қазақстанда құрастырылған көліктерді көше бойына
тізбектеп, көпшілік назарына ұсынуда. Және оларды жеңілдетілген несие бойынша
алуға болатындығы жайында жар салып жатыр.
Ел
тұрғындары жаппай көрші мемлекеттің
арзан көлігін ала бастағанда жергілікті автосалондардың жұмысы тоқтап қалған еді. Енді қайта жан біте
бастағандай. Отандық көлікке мінгісі келетіндер күн санап артуда. Көпшілігі бағдарлама бойынша несие
алғысы келеді- дейді көлік сатумен айналысатындар.
Даулет
Ахметқалиев, Автосалон директоры:
Қазіргі
таңда біздің салонан көлік сатып алғысы келетін 10 адамның өтінімі мақұлданды. Оның
жетеуі-Қостанайдан. Үшеуі-Рудныйдан. Күн сайын шамамен 2-3 адам келіп, банк
қызметіне жүгініп жатыр.
Ал,
авто зауыт өкілдері мемлекеттік қолдау
бағдарламасы Қазақстандағы көлік
өндірісінің көкжиегін кеңейтуге жаңа
серпін береді деген сенімде.
Айдын
Әлімов, Сауда
серіктестігі директорының орынбасары:
Бұл бағдарлама өзіміздің
рыногымызда шетелдік өнімді отандық автомобильдерге алмастыруға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ, автомобиль кәсіпорындарында еңбек ұжымын толық жұмыспен
қамтуға мүмкіндік беріп, жеңілдік халыққа, және өзіміздің көлікті сатып алуға
жағдайларын жеңілдетеді.
Игі бастама аясында жеңілдетілген несиемен 5 мыңға жуық отандық көлік сатылады деген болжам бар. Егер бағдарлама жоспар бойынша жүзеге асса, Қазақстандықтар арзан автонесиеге қол жеткізіп, қалауынша бірнеше темір тұлпар тізгіндеуге мүмкіндік тумақ.
Заңғар САНАЙ