Қостанайлық
Анатолий Щепотьев Жеңістің мерейтойына ерекше сый тарту етті. Ол қаладағы Жеңіс саябағының және Ресейдегі әйгілі «Мамай-Қорған» тарихи ескерткіші мен
«Сталинград шайқасы» панорамалық мұражайының макетін жасады. Шебердің қолынан
шыққан туынды бүгін көпшіліктің назарына ұсынылды.
Қырық
жылдан бері гидротехник болып жұмыс істейтін Анатолий Щепотьев қолы бос кезде
макет жасаумен айналысады. Еншісінде жетпіске жуық еңбегі бар. Бірақ бұл жолы бірден төрт
туындыны Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнапты.
«Жеңіс күнінің орны мен үшін бөлек. Сұрапыл соғысқа әкем қатысқан. Сондықтан
бұл тақырыпта макет жасауға зор құштарлықпен кірістім, - дейді.
Анатолий
Щепотьев:
Әкем Сталиниград шайқасына қатысты. Соғыстан ауыр жараланып қайтты. Бала
кезімізде сарбаз достарының көз алдында
қаза тапқанын айтып отыратын. Менің осы
еңбектерімді сол шайқаста шейіт болғандардың рухына бағыштадым.
Төрт
макетті жасап шығу үшін, бірнеше келі түрлі-түсті қағаз бен желімді қолдана
отырып, төрт ай бойы қажымай еңбектендім, - дейді шебер. Мәселен, «Мамай-Қорған» макеті үш метрге жуық. Ал Жеңіс
паркінің көлемі - бес метр. Ескерткіштердің дәл көшірмесін қағаздан қиып келтіру
үшін, Волгоград пен Мәскеуге барып қайтқан.
Сәния
Молдашева, Қостанай қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы:
Балалардың
қызығушылығы өте зор.Әр бала Қостанайдағы Жеңіс паркінің макетін көріп қатты
қуануда.
Көрермендердің
алғашқы легі ардагерлер болды. Көрмеге қойылған макеттер сұрапыл соғыстан сыр
шертіп, сол бір қиын-қыстау кезең еске түсті, - дейді қарт жауынгерлер.
Қасымхан
Алдабергенов, Ұлы Отан соғысының ардагері:
Көңілімізден
шықты. Көңіліміз осыған қуанады, тасиды. Ескерткіш жеңіске арналған осы
қаламызда жалғыз ғой. Сол ескерткіш өз биік дәрежесінде.
Жеңіс
күні» қарсаңында ұйымдастырылған игі шараға қарттармен қатар кадет мектебінің
жеткіншектері мен әскери-патриоттық клуб өкілдері қатысты. Шәкірттер қолдан
жасалған макеттерді өз көздерімен көріп, ерекше әсер алғанын айтады.
Ернар
Нұрматов, «Қайсар» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі:
Осы
макеттерден үлкен әсер алдым. Мында Мамай-Қорған макетін көрдім. Онда маршал
Чуйков жерленген.
Заңғар
Санай, тілші:
Қостанайлық
шебердің қолынан шыққан туындылар Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығына ерекше тарту болды. Әсіресе шаһардағы Жеңіс паркі көпшіліктің көңілінен
шыққаны сөзсіз. Енді бұл макеттер өлкетану мқражайына қойылып, бір ай бойы қала
тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ.
Заңғар САНАЙ