Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Болашақ» бағдарламасының иегерлері тілді жарты жыл бойы Қазақстанда үйренетін болды

AstanaTV
21.04.2015ж. 13:00
1618
«Болашақ» бағдарламасының иегерлері тілді жарты жыл бойы Қазақстанда үйренетін болды

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша құжат қабылдау бірінші қарашаға дейін жүреді. Биыл бұл науқан үш кезеңге бөлінген. Орталық коммуникациялар қызметінде халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығметов осындай ақпарымен бөлісті. Бұған дейін болашақ стипендияттары ағылшын тілін үйрену үшін бір жылын шетелде өткізетін. Енді тіл жетілдірудің алғашқы алты айлық оқуын Қазақстанда оқиды. Тек келесі жарты жылдықта шетелге баруға мүмкіндік беріледі. Техникалық мамандықтарға бөлінетін стипендия саны  көбейтілмек. Жалпы бағдарлама аясында техникалық мамандық бойынша білім алған жастар саны 40 пайыздан асқан. Биыл да бұл көрсеткішті көтереміз, - деді Ғани Нығметов. Оның айтуынша,  «Болашақ» құрылған 1993 жылдан бері 11 мыңнан астам студент стипендия иегері атанды. Оның сегіз мыңы елге оралып экономиканың әр саласында еңбек етуде.   

Ғани Нығыметов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

Осы сәуірден бастап 2 ай ішінде құжаттарды қабылдаймыз. Құжаттарды egov, ЦОН арқылы да қабылдаймыз. 2013 ж осындай қызмет пайда болды. Одан кейін шілде тамыз және желтоқсанда  республикалық комиссия тағайындайды. Құжаттарды біз 1 қарашаға дейін қабылдаймыз.