$533.61 €621.07 ₽6.78
×

«ҚХА - 20 ізгі іс» эстафетасының символы - «Тайқазан» Астанаға оралды

AstanaTV
21.04.2015ж. 20:00
1928
«ҚХА - 20 ізгі іс» эстафетасының символы - «Тайқазан» Астанаға оралды

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» республикалық эстафетасының символы Қарағанды өңірінен Елордаға жетті.

«Тайқазанды» Бейбітшілік және Келісім сарайы алдына жиналған топ  салтанатты түрде қарсы алды. Екі ай ішінде «Тайқазан» еліміздің түкпір-түкпірін аралап шыққан. Науқанды ұйымдастырушылардың айтуынша, осы аралықта 35 мың адамға нақты көмек көрсетілді. 620 мыңнан астам адамның қатысуымен 2,5 мың қайырымдылық шаралары ұйымдастырылған.

Айта өтейік, 23 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы өтпек. Оның аясында «Тайқазан» ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа табысталады. 

Аскер Пириев, ҚХА мүшесі, Түрік этномәдени орталығының төрағасы:

Бұл біздің Қазақстан республикасы бойынша қосылған көптеген жүректер, көптеген көңілдер. Қолдан шыққан, жүректен шыққан ізгі істердің тізімі. Оны бүгін Астана қарсы алып отыр. Бірнеше айда айналып, біздің елордамызға оралып отыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА