Түріктер
дүние жүзінде алғашқылардың бірі болып қызғалдақтан кілем «тоқыды». Осы сұлулық арқылы ел Гиннестің рекордтар кітанбына енбек. Түркияда осымен
оныншы рет ұйымдастырылып отырған "Ыстамбұл қызғалдақ фестивалі"
аясында шаһар сұлулығына көз тоймайтын түрлі-түсті гүлдермен безендірілді.
Жайқалған жауқазын қаланың барлық жеріне отырғызылған. Мерекелік шарадан
Түркиядағы тілшіміз Самат Сүлейдің репортажы.
Ыстамбұл
қаласындағы туристердің ең көп шоғырланатын орталығы Сұлтан Ахмет мешіті мен
Айя София мұражайы алаңыңа шамамен 1200 шаршы метрге гүл отырғызылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жерде 540 мыңнан аса түп қызғалдақ бар.
Ыстамбұл
қаласының мэрі Қадыр Топбаш биыл Түркия бойынша 30 миллион қызғалдақ егілгенін
атап өтті. Оның 5 миллионы Ыстамбұлға тиесілі. Кілемдей жайылған гүл көрме бір
айға созылмақ.
Қадыр
Топбаш,
Стамбул қаласының мэрі:
Біз
бүгін отандық мамандардың тағы бір шеберлігіне куә болып отырмыз. Осыншама
гүлді өсіріп қана қоймай, керемет қызғалдақ кілемін ұсынды. Жауқазындар
тамырымен отырғызылды. Ерекшелігі осында.
"Осман
империясынан бері келе жатқан жауқазындарымыз жәй ғана гүл емес, біз үшін үлкен
мәдениет, қаламыздың басты символы", - дейді, ұйымдастырушылар. Тіпті бұл
туристерді тартудың бір жолы. Өйткені Анадолы жеріндегі қызғалдақ голландиялық
гүлдерден 15 күн бұрын ашылады екен.
Гюнель
Сафаралиева, турист:
Біз
Әзірбайжаннан келдік. Демалысымызды дәл осы дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын
шараға ыңғайладық. Себебі көздің жауын алатын әдемі көріністі қасынан
тамашалаудың өзі бір ғанибет. Шынын айтсам, қарап тұра бергің келеді. Бәрі
керемет!!!
Ыстамбұлдың
Эмирган саябағына да көктемнің алғашқы айынан бастап миллиондаған түп қызғалдақ
егіледі. Гүл өсірушілердің айтуынша, мұнда биіктігі 40 сантиметрден асатын
жауқазындардың жүздеген түрі бар. Сұлулығына көз тоймас көріністі тамашалау
үшін шартараптан келетін қонақтар аяғы
үзелген емес.
Эмине
Орган:
Табиғаттың
көркем суретін тамашалап, таза ауада
өткізген демалысқа не жетсін. Осы бір
қызықтың ортасында болсын деп басқа қалада тұратын қызымды қонаққа шақырып, осы
жерге әкелдім. Бірнеше сағат бойы отбасыммен демалудамын.
2005
жылы алғаш рет ұйымдастырылған фестивальде небәрі 600 мың дана қызғалдақ
отырғызылса, оның саны бүгінде 30 млн жеткен. Түріктер қызғалдақтың отанын
Голландиядан Ыстамбұлға ауыстыруға тырысып жатқанын жасырмайды. Бірақ сол
голланд зерттеушілерінің ежелде қызғалдақтың дәні Еуропаға қазақ жерінен жеткен
деген тарихи жаңалығын білмесе керек.
Самат СҮЛЕЙ