Елімізде
жаңа мұнайгаз бұрғылау кәсіпорны құрылады. Бүгін «Қазмұнайгаздың» еншілес
компаниясы мұнайгаз бұрғылау саласындағы әлемдік көшбасшы Nabors Drilling
International Ltd компаниясымен меморандум жасасты. Жаңа біріккен кәсіпорын
Теңізшевройл кенішінде бұрғылау жұмыстарын жүзеге асырмақ.
Бас кеңсесі Атырау
қаласында орналаспақ. Компанияның 90 пайыз қызметкері қазақстандық азаматтар
болады. Жалпы 200 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылмақ. Кәсіпорнының басты
мақсаты - бұрғылау жұмыстарының көлемін 12 миллион тоннаға дейін ұлғайту.
Нұртас Шманов, «Қазмұнайгаз» АҚ басқарма
төрағасының сервистік жобалар жөніндегі орынбасары:
Келісім 7 жылға жасалып отыр. Жалпы құны 1,5 миллиард доллар. Жұмыс 50 де 50
принципі бойынша жүзеге асады. Жалпы Nabors Drilling International компаниясы Теңізшевройл кенішінде 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жаңа меморандум
негізінде біз бұрғылау көлемін арттырмақпыз.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА