«Ислам мемлекеті» ұйымының көсемі былтыр әуе шабуылдары кезінде ауыр
жараланған. Бірақ оңалып үлгірсе керек. Бұл жайында «The Guardian» басылымы
хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, Әбу Бәкір әл-Багдади коалиция ұшақтары шабуылынан өткен
жылдың күзінде жарақат алған. Зымырандар Ирактың батысындағы Сирия шекарасы
маңында келе жатқан, үш автокөлікке түскен. Көлікте «Ислам мемлекетінің»
белсенділері мен әл-Багдади де отырды
деген ақпарат бар. Әуе-соққысынан кейін, «Ислам мемлекеті» көсемі ауыр
жараланған. Сол себепті ұйым мүшелері кімді жетекші ететіндерін талқыға салған.
Дегенмен, әл-Багдадидің беті бері қарап, қазір ем-домын жалғастырып жатса
керек. Еске салсақ, «Ислам мемлекеті» басшысының жарақат алғандығы туралы
ақпарат 2014-жылдың қараша-желтоқсан айларында тараған болатын. Бірақ ол кезде
бұл ақпаратты ешкім растамады.
Әсем МҰХИТОВА