Ислам мемлекеті мен Тәлібтер бір-біріне жиһад жариялады. Бұл жайында
«Khaama Press» агенттігі, Ауған провинциясы полициясына сілтеме жасап
хабарлайды. Полиция дерегінше, елдің қауіпсіздік күштерінің қолына тиісті құжаттар
түскен. Оның мазмұнында Ислам мемлекетінің басшысы Әбу Бәкр әл-Багдади,
««Талибан» қозғалысының негізін қалаған Мұхаммад Омар молда - сауатсыз, сенімсіз» - деп жазса керек.
Тәлібтер лидері де өз жақтастарын «Ислам мемлекетіне» қарсы тұруға, ИЛИМ туының
Ауғанстанда тігілуіне қарсы тұруға үндеген.
Кей деректерге сүйенсек, аталған
ұйым Ауған үкіметі мен тәлібтер арасындағы бейбіт келіссөздерге қарсы күш
ретінде, шетелдік арнайы қызметтің қолдауымен құрылған. Ислам мемлекетінің
жетекшілері қаңтарда жаңадан «Хорасан эмираты» деп аталатын ұйым құрылғанын
мәлімдеген болатын. Оның құрамына Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан және Бангладеш
кірді. Сарапшылардың пайымына сенсек,
соңғы уақытта елдің шығыс және оңтүстік провинцияларында экстремисттік
ұстаным күшейе түскен.
Әсел МҰХИТОВА