Америка Құрама штаттарының қос әскери кемесі Йемен жағалауына аттанды.
Пентагон өкілдеріне сілтеме жасаған, «Рейтерс» агенттігінің ақпаратына сай,
кеменің бірі әскери ұшақ тасымалдаушы-«Теодор Рузвельт», ал екіншісі
«Нормандия» зымыран- крейсері.
Ресми Пентагон «Теңіз техникалары Иран хуситтеріне қару-жарақ
жеткізушілерді қолға түсіру мақсатында аттанды» деген ақпаратты жоққа шығарды.
Әскери кемелер Йемен жағалауындағы Американың жеті кемесіне барып
қосылатынын айтқан. Жақында Сауд
Арабиясы мен басқа да араб мемлекеттері АҚШ-тың қолдауымен хуситтерге
қарсы әскери -операцияны ертерек бастап кеткен еді.
Нәтижесінде, Халықаралық ұйымдардың мәлімдеуіше, әскери-қақтығыс салдарынан
гуманитарлық көмекке зәру адамдар саны 16 миллионға жетіп отыр.
Заңғар САНАЙ