Астанада Қазақстанның ең үлкен картасы таныстырылды. Жұртты таңқалдыруға
ұмтылған Қазақстан гуманитарлық заң университетінің студенттері. Бұл жолғы флеш
моб алдағы саяси науқанға арналды. Флеш-мобқа әдеттегідей жастар көп жиналды. Гимн шырқалып, көкке түрлі-түсті
шар ұшырылған соң, ортаға сарбаздар еліміздің ең үлкен картасын жеткізді. Карта
елдің біртұтастығының нышаны болғандықтан арнайы таңдалған көрінеді. Уиверситет
өкілдері жастарды түгел алдағы президент сайлауында дауыс беруге үндеді.
Мақсұт Нәрікбаев, Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры:
Ең үлкен картасы еліміздің, бүгін көрсетілді. Бұл да бір жаңалық сияқты.
Елбасымыздың саяси науқанының негізігі мотиві де сол болып тұр ғой, бір ел, бір
мақсат, бір тілек деген сияқты.
Мөлдір ДЮСЕКИНА