$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Мерзімінен бұрын өтетін Мәжіліс сайлауын бақылауға сырттан 700-ге жуық байқаушы келеді

AstanaTV
09.02.2016ж. 20:00
1250
Мерзімінен бұрын өтетін Мәжіліс сайлауын бақылауға сырттан 700-ге жуық байқаушы келеді

Мерзімінен бұрын өтетін Мәжіліс сайлауын сырттан 700-ге жуық адам келіп бақылайды. Бұл туралы бүгін Астанада арнайы өткен брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті. Оның 400-і Еуропадағы қауіпсіздік және ықтымақтастық ұйымынан келсе, 300-ге жуығы - ТМД бақылаушылары. Айта кетсек, шетелдік бақылаушыларды тіркеу 14 наурызға дейін жалғасады.

Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Еуропадағы қауіпсіздік және ықтымақтастық ұйымының сайтында бізге 400-ге жуық қысқа мерзімдік және 36 ұзақ мерзімдік бақылаушы келетіні хабарланыпты. Олар 22 ақпанға БАҚ үшін арнайы жиын өткізуді жоспарлаған. Сондай-ақ, қонақтар ТМД-дан да келеді.

Құралай ПИОНЕР