Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясы өтеді. Ұйымның
20 жылдығына орайластырылып отырған жиынға мемлекет басшысы төрағалық етіп,
өңірлерден мың жарымнан астам делегат келеді деп жоспарлануда. Президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, «Мәңгілік ел: бір ел
- бір тағдыр» ұранымен ұйымдастырылған сессия, Ассамблея жылы - Қазақстан
халқының жетістіктерін паш етуге арналады.
Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата заңның 20 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70
жылдық мерейтойы - барша қазақстандықтардық ортақ қуанышы делінеді хабарламада.
Бірлік пен келісім символына айналған ұйымның айтулы датасын атап өтуге шет
елдік саясаткерлерде қатысады.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ