Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжарлық жастар «Сайлаудан шет қалмайық!» атты флэшмоб өткізді

AstanaTV
23.04.2015ж. 13:00
1196
Қызылжарлық жастар «Сайлаудан шет қалмайық!» атты флэшмоб өткізді

Сайлаудан шет қалмайық! Бүгін Қызылжарда осындай атаумен жастар арасында флэш-моб өтті. Шараға қатысушылар, жексенбіде өтетін Президент сайлауында жерлестерін белсенді болуға үндеді. Акцияға «Жастар бастамасы орталығы» мұрындық болды. Қатысушылар адам көп шоғырланған жерлерді аралап, тұрғындарды суретке түсуді ұсынды. Ынта білдірген азаматтарға  кішігірім сыйлықтар таратылды.  Шараға бес жүзге жуық ерікті жас қатысты, - дейді ұйымдастырушылар.

Айғаным Жүсеева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

Бұл акция біз үшін маңызды. Бір ертең жиырма алтыншы сәуір күні келіп, біздің өзіміздің азаматтық позициямызды көрсетеміз. Халық өзінің дұрыс таңдауын таңдай отырып, өзінің болашағын шешеді. Сол себепті барлығымызды осы 26-сәуір күні сайлауға келіп, жұмыла дауыс беруіңізге шақырамыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН