Аймақтар сайлаудың басты атирибуты - дауыс беру жәшіктерін ала бастады.
Жергілікті әкмдіктің біздің тілшілерімізге берген ақпаратына сай, олар
қауіпсіздік ережелеріне сай, арнайы бөлмелерде сақталады. Жәшіктің екі түрі
бар. Белгілі бір ғимаратқа қойылатын және көшпелі. Өскемендегі әкімдік өкілдері
сайлау жәшігі 30 бөлшектен тұратынын айтты. Оған еліміздің Елтаңбасы да кіреді.
Жәшіктің әр қабырғасы сынбайтын шыныдан жасалған. Әйнектер сырылып қалмас үшін,
сыртына пленка жапсырылыпты.
Алмира Мусинова, Өскемен қалалық әкімдігі ақпаратының ұйымдастыру жұмыстары
бөлімінің жетекшісі:
Дауыс беру жәшіктерін жергілікті жердегі сайлау комиссияларының мүшелері
құрастырады. Өскемен бойынша 120 сайлау комиссиясы бар. Әскери бөлімдер мен
ауруханаларға, тағы 10 көшпелі комиссия жұмыс істейтін болады.
Мөлдір ДЮСЕКИНА