АҚШ бастаған коалиция күштерінің шабуылынан, Сирияда 2 мыңға жуық ислам
радикалдары қаза тапты. Бұл жөнінде Лондондағы Сирияның Адам құқықтары
жөніндегі Қадағалау кеңесі хабарлаған. 23-қыркүйектен бері арнайы рейдтер мен
әскери әуе шабуылдары кезінде «Ислам мемлекетінің» 1 мың 922 содыры қаза
тапқан. Олардың арасында шетел азаматтары да аз емес. Сондай-ақ, 66 бейбіт
тұрғын, 10 бала да бар көрінеді.
Лондондағы Сирияның Адам құқықтары жөніндегі Қадағалау кеңесі: «АҚШ-тың
басқаруымен содырларға соққы берілді»,- дейді. Бұл әскери әрекеттерге қатысты,
Ресей Сыртқы Істер министрі Сергей Лавров: «Сирия мен Иракта бассыздыққа жол
беріп отырған «Ислам Мемлекетін» құрған, ол - АҚШ-тың өзі», дегеннен танар
емес. Сириядағы қан-төгістер басталғалы бері қаза болғандар саны 220 мың адамға
жеткен. Ал, тұрғындарының 11 миллионнан астамы өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр
болды.
Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:
Жүздеген Ресей азаматтары мен ТМД-дағы еуропалықтар «Ислам мемлекеті»
жағында соғысып жатыр. Соғысқан екен, үйлеріне оралмай сонда қалсын. Ал, олар керсінше үйлеріне келіп алған. Енді
міне, ойларына келгендерін істеп отыр. Басқаны қайдам, Ирак пен Сирияға, Мәскеу
ғана көмек көрсетіп отыр. Терроризимге қарсы күресеміз дегенде қару да бердік.
Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ