$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев қызметінен кетуге өтініш білдірді

AstanaTV
24.04.2015ж. 10:00
881
Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев қызметінен кетуге өтініш білдірді

«Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев қызметінен кетуге өтініш білдірді»,- деп хабарлайды «Sputnik Кыргызстан» агенттігі. Үкіметтің 2014- жылғы атқарған жұмысы туралы Парламенттегі есебінен кейінгі мәлімдемесінде премьер:  «көзделген мақсаттардың барлығына қол жеткізе алмадық, дегенмен атқарушы билікке серпіліс қажет» деді. Сонымен қатар коалиция мен Парламентке премьер-министр қызметін атқаруға мүмкіндік бергендігі үшін алғысын білдірді. Сөз соңында депутаттар Қырғызстан үкіметі басшысына лайықты үміткерді табатындарына сенім білдіретінін жеткізді.

Әзірге премьер-министр қызметін, оның бірінші орынбасары Тайырбек Сарпашев атқарады, - деп хабарлайды ТАСС. Еске салайық, Жоомарт Оторбаев басқарған үкіметтің жаңа құрамын, Қырғызстан Парламенті 2014-жылдың 3- сәуір күні бекіткен еді. Қырғызстандағы үкіметтің ауысуы барқарушы коалицияның тарауына әкелді. Оторбаевтың ел премьер-министрінің қызметіне тағайындалғаны 26- наурызда белгілі болды. Оған дейін ол бірінші вице-премьер лауазымын атқарып келген болатын. Сондай-ақ, Интерфакс агентігі Қырғызстан Президенті аппараты жетекшісінің бірінші орынбасары Икрамжан Илмиянов та жұмыстан кетуге өтініш білдіргенін хабарлайды.

Мансұр ЕСХОЖИН