Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралда Б.Момышұлына арналған қойылымның тұсауы кесілді

AstanaTV
24.04.2015ж. 10:00
1820
Оралда Б.Момышұлына арналған қойылымның тұсауы кесілді

Оралда Бауыржан Момышұлына арналған «Ноқтаға басы сыймаған» драмасының тұсауы кесілді. Жазушы Шерхан Мұртазаның туындысындағы басты ролді Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, режиссер Қуандық Қасымов сахналады. Бауыржан Момышұлына арналған драмалық элегияда батырдың күреске толы өмірі суреттеледі. Ұлттық құндылықтардың аяқ асты болуына қарсы шыққан батыр Бауыржан соғыс шындықтарының да бұрмалаусыз жазылғанын талап етеді.

Қоғамдағы келеңсіздіктердің белең алғанына қарсылығын білдірген ол, қазақ тіліне қатысты ой-толғамдарын да түртіп отырған. Қойылым мақсаты, соғыста және бейбіт өмірде ерліктің биік үлгісін көрсеткен аға буынның қандай құрметке де лайық екенін көрсету. Премьераға Алматыдан арнайы келген батырдың келіні, жазушы Зейнеп Ахметова көрермен ретінде өзінің оң бағасын берді.

Зейнеп Ахметова, Б.Момышұлының келіні, жазушы:

Ата бізге өсиет қылатын: «Халықтың жолымен жүріңдер - адаспайсыңдар. Халықпен бірге болыңдар - жалғыздық көрмейсіңдер», - дейтін. Аллаға шүкір, мінеки, бүкіл осы халықтың Атаны ардақтауы, Атаны әлпештеуінің арқасында соның шапағаттары, соның бір ұшқындары бізге де тиіп, қай жерге барсақ, сол Атаны көзіндей көріп, тәбәрігіндей көріп, бізді де көтеріп жатады. Қасиетті Ақ Жайық жеріндегі Атаға арналып жатқан мынау қойылымның өзі соның бір көрінісі.

Еркін КАРИН