$544.87 €639.02 ₽6.88
×

«ҚазАгро» 2016 жылғы дала жұмыстарына 60 миллиард теңге алады

AstanaTV
09.02.2016ж. 20:00
1420
«ҚазАгро» 2016 жылғы дала жұмыстарына 60 миллиард теңге алады

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі 2016 жылғы дала жұмыстары мен егін жинау науқанына мемлекет қазынасынан 60 миллиард теңге көлемінде қаражат алмақ. Бұл қаржы холдингтің барлық еншілес компанияларына үлестіріледі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов осылай деп мәлімдеді. Бүгінгі экономикалық қиындықтарға қарамастан, аграрлық-өнеркәсіптік кешенді несиелендірудің өткен жылғы шарттары сақталатынын жеткізді. Айта өтейік, ҚазАгроның еншілес компаниялары шаруаларға 5 пайыз көлемінде тікелей несие беріп келеді. Ал шағын қаржылық ұйымдар мен несие серіктестіктерінің жарнасы жылына 9 пайызды құрайды.

Нұрлыбек Малелов, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы:

Мемлекет қазынасынан 60 миллиард теңге көлемінде бюджеттік несие қаражат алу жөнінде жұмыстарды жүргізіп отырмыз. Бұл ақшаны қарыз түрінде холдингтің еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер арасында бөлеміз. Несиелендіру жүйесі өткен жылдағыдай жүзеге асады. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА