$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Google басшысы $199 млн бонус алды

AstanaTV
09.02.2016ж. 20:00
1468
Google басшысы $199 млн бонус алды

Әйгілі Google компаниясының атқарушы директоры Сундар Пичаи 199 млн АҚШ валютасы көлемінде бонус алды. Бұл жөнінде Bloomberg жазды. Мұндай айрықша сыйақыны Пичаи тек үш жылдан соң ғана пайдалана алады. Сондай-ақ оған бонус қолма қол ақша түрінде емес, акция түрінде беріледі. Агенттіктің хабарлауынша, егер Пичаи бұл сыйақыны иемденсе, сол сәтте-ақ ол әлемдегі ең жоғары табыс тапқан топ-менеджер атанып шыға келеді.

Оған дейін мұндай сыйақыны иеленгендердің алған бонус мөлшері екі есе аз болатын. Мәселен, VMware Inc-тің бұрынғы бас директоры Диана Грин 148 млн көк қағаз алды. Ал Google-дың қаржы директоры Рут Порат 38 млн  америка валютасын иеленген.      

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ