$498.55 €524.28 ₽4.75
×

9 741 сайлау учаскесі ашылды. ОСК дерегінше, биыл сайлауға барлығы 9 миллион 500 мың бюллетень әзірленбек

AstanaTV
26.04.2015ж. 10:00
1090
9 741 сайлау учаскесі ашылды. ОСК дерегінше, биыл сайлауға барлығы 9 миллион 500 мың бюллетень әзірленбек

Бүгін елімізде 9 741 сайлау учаскесі ашылды. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, биыл сайлауға барлығы 9 миллион 500 мың бюллетень әзірленген, яғни, бүгін дәл осыншама адам дауыс береді деп күтілуде. Атап айтсақ, биылғы сайлау науқанына комиссия шет елдер мен халықаралық ұйымдардан 1026 байқаушыны тіркеген. Олар Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымынан, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, және Ислам ынтымақтастығы ұйымының өкілдері. Сондай-ақ, еліміздің Сыртқы істер министрлігі 37 шет мемлекеттен 116 бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеген.

Қазіргі таңда шетелде 65 сайлау учаскесі ашылып, жерлестеріміздің дауыс беруіне мүмкіншілік жасалған. Айта кетерлігі
, аймақтардан және шет мемлекеттерден сайлаушылардың қанша бюллетень алғаны туралы ақпарат әр екі сағат сайын келіп тұрады. Еске салсақ, сайлауға үш кандидат үміткер ретінде тіркелген. Олар өз сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын 26 наурызда бастап, бір ай ішінде еліміздің бар өңірлерін аралап шыққан.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Айта кетейік, бүгін сайлау учаскелері таңғы сағат жетіде ашылған болатын. Әрбір азаматтық борышын орындаймын деуші қазақстандықтар сағат кешкі 20:00-ге дейін келіп дауыс бере алады.

Айта кетейік, бүгін сайлау учаскелері таңғы сағат жетіде ашылған болатын. Әрбір азаматтық борышын орындаймын деуші қазақстандықтар сағат кешкі 20:00-ге дейін келіп дауыс бере алады. Менде бар ақпарат әзірге осы. Келесі рет сағат 13:00-де кездесетін боламыз.

Жұрағат БАМАН