Мемлекет басшысы Қазақстан
болашағы үшін дауыс берді. Бүгін Астана қаласының нөмірі 81-інші учаскесінде өз
таңдауын жасаған Нұрсұлтан Назарбаев осыны айтты. Президенттік
сайлау науқанын ұйымдастыру мен өту барысына белсенді ат салысқан отандастары
мен шет елдік байқаушыларға алғысын білдіріп, өз таңдауын жасады.
Журналистердің өзге екі кандидат жайлы қойған сауалына жауап берген президент
қос үміткердің де көтерген мәселелерінің маңыздылығын атап, жеңіске жеткен
күнде саяси бәсекелестерінің ұтымды ойларын өзінің саяси бағдарламасына
енгізетіндігін айтты.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
Кімді
таңдайтыным белгілі шығар сіздерге. Дегенменен менен басқа да екі үміткер бар.
Оларға да өз бағдарламасын елге ашық жариялауға мүмкіндік болды. Екеуінің де
бағдарламасын мен тыңдап отырдым. Екеуінің де бағдарламаларын алып, бірге
орындауға болады. Сондықтан мен даусымды Қазақстан үшін бердім деп айтсам болады.
Қазақстанның болашағы үшін.
Дәл осы 81-ші сайлау учаскінде
тіркелген тізімге сәйкес, таңғы 11-ге дейін келіп дауыс бергендер саны 543 адам
болды. Оның ішінде елге танымал тұлғалар, сондай-ақ президент отбасының мүшелері де бар.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА