Астанада лауазымды тұлғалар мен
мемлекет қайраткерлері және үкімет мүшелері таңертеңнен белсенді. Тіркелген сайлау
учаскелерінде көпшілігі түске дейін дауыс берді. Конгресс-холда орналасқан 100-ші сайлау
учаскесінде алғашқылардың бірі болып Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев
дауыс берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті
Сенатының төрағасы:
Бәріміз
бүгін бiртұтас халық болып, Қазақстанның игiлiгiне, өркендеуiне
және iлгерiлеуi үшiн дауыс беріп
отырмыз. Шын мәнiнде, алдымызда
тұрған мақсаттар өте ауқымды.
«Нұр Отан» партиясы төрағасының
бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Астанадағы номері 91-ші сайлау учаскесінде
дауыс берді. Мұнда
орын алған кезекке қарап, сайлаушылардың белсенділігі жоғары деңгейде екенін
байқауға болады. Ал Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов 92-ші сайлау учаскесінде дауыс берді. Үкімет
басшысы да ерте дауыс бергендер қатарында. Премьер-министр Кәрім Мәсімов
Астанадағы орыс драма театрында орналасқан
номері 99-шы сайлау учаскесіне зайыбымен бірге келіп, өз таңдауын
жасады.
Мөлдір ДЮСЕКИНА