$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Бас прокуратура: Сайлау үрдісі барынша мөлдір және тиісті заңдарға сай өтіп жатыр

AstanaTV
26.04.2015ж. 16:00
1470
 Бас прокуратура: Сайлау үрдісі барынша мөлдір және тиісті заңдарға сай өтіп жатыр

«Қазақстандағы президенттік сайлау барынша мөлдір және тиісті заңдарға сай өтіп жатыр». Еліміздің бас прокуратурасы осындай мәлімдеме жасады. «Сайлау комиссиялары не болмаса мемлекеттік органдар тарапынан қандай да болмасын бұзушылықтар тіркелген жоқ», деді Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. Оның мәлімдеуінше, «Бүкіл сайлау алды науқаны секілді дауыс беру күні де тыныш жағдайда өтіп жатыр, елеулі бір бұзушылықтар орын алмаған».  Еске салайық, елімізде 9741 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат жетіде ашылды. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА


{СОҢЫ