$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Шетелдегі қазақстандықтардың президенттік сайлау науқанына қатысу белсенділігі 50 пайыздан артты

AstanaTV
26.04.2015ж. 20:00
858
Шетелдегі қазақстандықтардың президенттік сайлау науқанына қатысу белсенділігі 50 пайыздан артты

Шетелдегі қазақстандықтардың президенттік сайлау науқанына қатысу белсенділігі 50 пайыздан артты. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаменті директоры Қайрат Саржановтың мәліметінше, Астана уақыты бойынша 17:00-ге дейін ел аумағынан тыс ұйымдастырылған 65 сайлау учаскесіне келген отандастарымыздың саны 10 861 адамды құрады. Бұл шет мемлекеттердегі 20 822 қазақстандықтың 52 пайызы.

Биылғы президенттік сайлау науқанының географиялық көкжиегі де кеңіп, сайлау учаскелерінің саны өткен электоралды науқаннан екі есеге артқан. Уақыт белдеуіндегі алуандылыққа байланысты Токио, Қытай, Моңғолия және Кореяда ерте ашылған учаскілер жұмысын тәмамдады. Ең кеш ашылған дауыс беру орталықтары АҚШ пен Канадада. «Олардың жұмысы ертең, таңғы сағат алтыда қорытындыланады», - деді Сыртқы істер министрлігі өкілі.

Қайрат Саржанов, ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің директоры:

Шет елдердегі дауыс берудің қорытындысы туралы хаттама 48 сағаттың ішінде Есіл аудандық сайлау комиссиясына табыс етіледі. Жалпы сайлаудың мерекелік көңіл-күй аясында өтіп жатқандығын да атап айту керек. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ