Қазақстан Парламентінің «Нұр
Отан» фракциясы мүшелері бір-бірін сайлаудағы жеңіспен құттықтап, алдағы жұмыс
жоспарды пысықтады. Депутаттар президенттік сайлау науқаны халық бірлігі мен
азаматтық жауапкершілігі артқандығын байқатты деді. Мәжіліс төрағасының орынбасары,
«Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева, әріптестеріне жеңіспен
бірге үлкен жұмыс басталғандығын ескертіп, енді белсенділікті жұмыста танытуға үндеді.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті
мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі:
Алдымызда
үлкен жұмыс күтіп тұр. Ұлт көшбасшысы айтқан 5 конституционалды реформаның
заңнамалық негізін жасау біздің мойнымызда. Бұл жұмыс өте жауапты әрі қызықты
деп ойлаймын. Әрқайсыңызға ортақ жеңісімізге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс
айтамын. Барша қазақстандықтардың бейбіт аспан астындағы жайлы өмірін
қамтамасыз ету үшін президентімізбен күш біріктіріп, еңбек етуіміз керек.
Әмірхан
Рахымжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты, «Нұр
Отан»
фракциясының мүшесі:
Бүгінгі күні Қазақстан халқы
жалпы мәдениетінің өскені, білімінің өскені, әсересе жастардың арасында
өздерінің болашағы өздерінің қолдарында екендігі, және дауыс бергеннің өзінде
өзлерінің ертеңгі еліміздің болашағы, сол елбасымен бірге еліміздің болашағы
ұлт кқшбасшысы Н.Ә:Назарбаевпен екендігін, біліктілігін көрсетті.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ