Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Еxit-poll Президенттік сайлаудың алдын-ала қорытындысын жариялады

AstanaTV
27.04.2015ж. 10:00
1161
 Еxit-poll Президенттік сайлаудың алдын-ала қорытындысын жариялады

Алматыда сарапшылар экзит-пул нәтижелері бойынша түсініктеме берді. Сайлаушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясатын қолдады, дейді Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары.

Мадина Нұрғалиева, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының Алматыдағы өкілдік жетекшісі:

Сайлауда жинаған дауыс саны қомақты. Қазіргі Президентке халықтың 97,5 пайызы қолдау көрсетіп отыр. Бұл оның болашақта да Қазақстанды тұрақты даму жолымен басқарарына білдірілген сенім. Орталық сайлау комиссиясы жариялағандай сайлауға 95,11 пайыз халықтың қатысуы өте үлкен көрсеткіш.

Юрий Булуктаев, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты сарапшысы:

Еxit-poll қорытындысы бойынша халықтың басым бөлігі қазіргі Президентке дауыс берген. Бұл Қазақстандықтардың саналы таңдау жасағанының айғағы.Осы арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдағы тұрақтылықпен татулық, бейбітшілік бағытындағы саясатын қолдайды.

Анна Гусарова, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы:

Осы жылғы Президент сайлауы тарихи оқиға болып табылады. Өз таңдауын жасау үшін таңертеңнен бері адамдардың қарасы қалың болғаны соншалық, көптеген сайлау учаскелерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл қазіргі қоғамның дамығанының көрсеткіші.

Берік ХАСЕНОВ






 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық