Еліміздегі
сайлау барысын қадағалауға Құрама Штаттардан келген байқаушылар да бүгін
Алматыда өз тоқтамдарын айтты. Арнайы брифингте мұхит асып келген
мамандар кезектен тыс өткен президент сайлауына оң бағаларын берді. Дауыс беру
процесін жіті бақылаған байқаушылар сайлаушылардың жалпы көңіл-күйіне көңіл
аударған. Сондай-ақ шараның ұйымдастырылуына ерекше назар салыпты.
Роберт
Векслер, Д.Эбрахам атындағы Таяу Шығыстағы бейбітшілікті қолдау орталығының
президенті /АҚШ/:
Мені ерекше таңқалдырған жәйтті
айтқым келіп отыр. Ол
- азаматтардың сайлауға меркелік көңіл күймен келгендігі. Адамдар бұл күн
демалыс болса да, топ-тобымен сайлау учкскелеріне ағылып жатты. Тіпті қариялар
да сайлауға өздері келіп, таңдауларын жасап жатқанын ерекше байқадым. Демек, ел
мен мемлекет басындағылардың алған бағыты дұрыс.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ