Теңгесін банкте
сақтаған салымшыларға депозиттердің кепілдік
сомасы енді 5 млн емес, 10 млн теңге болмақ. Бұл туралы ақпарат
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының» ресми сатында жарияланды.
27 сәуірде Президент
кейбір заңнамалық актілерге сақтандыру және исламдық қаржыландыру
мәселелері бойынша өзгерістер енгізу
туралы заңға қол қойды. «Бұл заңға сәйкес депозиттерге
кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерде орналастырылған жеке тұлғалардың
депозиттеріне кепілдік өтемнің ең
жоғарғы сомасы 10 миллион теңгеге ұлғайтылды. Шетел валютасындағы депозиттер
бойынша кепілдік берілген мөлшер бұрынғы деңгейде қалды, яғни 5 миллион
теңгеден аспайды», делінген хабарламада.
Банк мәжбүрлі таратылған жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік
беру қоры жеке тұлғаларға ұлттық валютадағы депозит бойынша он миллион, ал өзге
валютадағы депозиттер бойынша бес миллион теңгеден аспайтын мөлшерде кепілдік
берілген өтем төлейді. Айта кетейік,еліміздегі 37 екінші деңгейдегі банк
депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА