$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Алматыдағы көпірдің құлауына орай екі бірдей қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
28.04.2015ж. 13:00
1253
Алматыдағы көпірдің құлауына орай екі бірдей қылмыстық іс қозғалды

Алматыда қирап қалған көпір оқиғасына қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Бұл жайында ақпарат қалалық Ішкі істер департаментінің ресми сайтында жарияланды.

Еске салайық, өткен жұмада Алматыдағы Рысқұлов пен Момышұлы даңғылдарын жалғайтын нүктеде жаңа салынып жатқан көпір конструкциясы құлаған болатын. Оқыс оқиға кезінде құрылысқа жұмылдырылған 52 адам жұмыс істеп жатқан. Жарақат алған құрылысшылардың 19-ы ауруханаға жеткізілді. Ал жексенбі күні түнде 60 жастағы жұмысшының мәйіті үйінді астынан аршылды. Енді полиция Қылмыстық Кодекстің 277-ші бабы, 2 бөлімі, яғни құрлыс жұмыстары барысында қауіпсіздік ережелерінің және 156-шы бап - еңбек құқығы ережелерінің сақталмауы негізінде тергеуді бастаған. Қозғалған қылмыстық істер аясында бірнеше сараптама да тағайындалыпты.

Рашит АСҚАРБЕКҰЛЫ